10.12.2023, 13:40
Оқиғалар
Францияда мұғалім өліміне қатысы бар деп айыпталған 6 жасөспірім сотталды
Олар 14 айдан екі жылға дейін түрме жазасын алды
Фото: twitter.com/Gilles_widawski
Францияда 2020 жылы мектеп мұғалімі Самуэль Патиді өлтіруге қатысы бар деп айыпталған алты жасөспірім сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Еuronews-ке сілтеме жасап.
47 жастағы тарих және география пәнінің мұғалімін өлтіру дерегі Конфлан-Сент-Онорин қаласында тіркелді. Шешенстаннан келген 18 жастағы босқын Абдулак Анзоров мұғалімнің басын кесіп тастаған. Полиция оны қылмыс орнында атып өлтірді.
Аталған қылмысқа қатысы бар деген айыппен 14 айдан екі жылға дейін бас бостандығынан айырылған алты жасөспірім де сотталды. Қылмыс кезінде олар 13 пен 15 жас аралығында болды. Сот олардың әрекетін ауыр зорлық-зомбылық жасау үшін қылмыстық қастандыққа қатысу деп бағалады.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды