Ақтөбеде бейімдеу орталығынан кәмелетке толмаған үш қыз қашып кетті

Azattyq Rýhy

Іздеуге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер бағытталған

Ақтөбеде бейімдеу орталығынан кәмелетке толмаған үш қыз қашып кетті

8 желтоқсан полицияға «Аяла» кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиешісінің көмекшісі хабарласып, сағат 23:00 шамасында орталықтың үш тәрбиеленушісі терезені сындырып қашып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олар Мырзакенова Манар Абайқызы - 05.06.2006 ж.т. Бойы 160 см, дене бітімі орташа, шашы қара.

Тезекбаева Амина Иманқұлқызы - 14.03.2006 ж.т. Бойы 165 см, дене бітімі арық. Шашы қоңыр. Сол жақ иықта меңі бар.

Дошонова Жұлдызай Мұратбекқызы - 01.10.2006 жылы туған. Сұры түсті спорттық киім киген.

Іздеуге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер бағытталған.

Кәмелетке толмағандардың орналасқан жері туралы ақпараты бар барлық азаматтардан “102” немесе 8 771 785 1058 телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.