ШұғылАлматыда ағаштарды заңсыз кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған екі адам – Өзбекстан азаматтары

Олар қалада уақытша пәтер жалдап тұрған

Вирус анықталған науқастар  бұған дейін коронавирус жұқтырып ауруханаға түскен қызылордалық ерлі-зайыптылармен байланыста болған. Бұл туралы Маңғыстау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев мәлім етті.

«Кеше жедел жәрдеммен провизорлық стационарға 4 адам жеткізілді. Соның ішінде 2 тұрғынның анализдері теріс нәтиже берді. Тағы екі адамның сынама қорытындысы бойынша коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Науқастар – әйел адамдар. Өзбекстан Республикасының азаматтары. Екеуі де 1990 жылғы туған. 14 -шішағынаудан, 38-ші үйде уақытша пәтер жалдап тұрған», - деді ол.

Ержан Күмісқалиевтің хабарлауынша, вирус анықталған тұрғын үйдің подъезі талапқа сай оқшауланып, залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Әсел Тұмашқызы, Нұр-Сұлтан