«Пышақпен ұрған»: Көкшетауда туған әкесіне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды
Көкшетау полицейлері туған әкесін пышақпен жарақаттаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
5 қарашада Көкшетау полиция басқармасына жедел медициналық жәрдем станциясы диспетчерінің қабылдау бөлімшесіне пышақ жарақаты бар қала тұрғыны жеткізілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
«Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдікті адамды анықтады. Ол жәбірленушінің 21 жастағы уақытша жұмыссыз ұлы болып шықты. Күдікті бұған дейін денсаулығына байланысты психиатриялық есепте болған. Полиция басқармасы осы факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.