31.10.2023, 16:16
Оқиғалар
Қостанай облысында жеке үйден әйел адам мен екі баланың денесі табылды
Олар ыстан уланып көз жұмған
Фото: orbsteppe.ru
Қостанай облысында екі бала мен олардың анасы ыстан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Аlau.kz жазуынша, қайғылы оқиға 30 қазанда Лесное ауылында болған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жеке тұрғын үйде қатты отынмен пешті жылыту кезінде 1975 жылы туған үй иесі көмірқышқыл газынан уланып, аудандық ауруханаға жатқызылған.
«1984 жылы туған әйел мен 2013 және 2008 жылдары туған балалар оқиға орнында көз жұмған. Оқиға орнына Қостанай облыстық ТЖД қызметкерлері барды. Адамдар өлімі мен жарақатының алдын ала себебі: пештің сылақ жүргізілмеген сызаттары мен сыртындағы шойын тақтайшаның жарылуы салдарынан көміртегі тотығынан улану», - деп хабарлады ТЖД.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген