Қостанай облысында екі бала иіс тиіп уланып қалды

Azattyq Rýhy

Осы жәйт бойынша үй иесі әкімшілік жауапқа тартылды

Қостанай облысында екі бала иіс тиіп уланып қалды
Фото ашық дереккөзден

15 қазан күні Қостанай облыстық ауруханасына иіс тиген деген диагнозбен екі бала жеткізілді. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖД мәліметінше, оқиға Тобыл қаласында болған. 2016 жылы туған ұл бала мен 2021 жылы туған қыз бала үйлерінде иіс тиіп уланып қалған. Оқиға орнына жеткен жедел топ өкілдері онда ештеңенің жанбағанын пештің ақауы жоқ, дұрыс жұмыс істеп тұрғанын анықтайды.

«Балалардың ата-аналарының сөзінше, олар 2023 жылдың мамыр айынан бері ол үйде тұрмаған. 14-қазан күні ғана осы үйге келіп, түнде үй иесі пеш жаққан. Ер адам қонақ бөлмесіне жатып, балалар жатын бөлмеге ұйықтаған. Таң ата балалардың басы айналып, жүректері айни бастаған. Анасы жедел жәрдем шақыртып, балалар иіс тиген деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

Оқиғаның алдын ала себебі өрт қауіпсіздігі тәртібі бұзылған. Осы жәйт бойынша үй иесі әкімшілік жауапқа тартылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.