Семейдегі құқық қорғау органы қызметкерлеріне арналған колонияда төбелес болып, сотталушы көз жұмды

Azattyq Rýhy

Мекеменің бірқатар қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған

Семейдегі құқық қорғау органы қызметкерлеріне арналған колонияда төбелес болып, сотталушы көз жұмды
Фото ашық дереккөзден

Семейдегі құқық қорғау органы қызметкелеріне арналған колонияда төбелес болып, сотталушылардың бірі қаза тапты. Бұл туралы ҚАЖД мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚАЖД мәліметінше, кісі өлтіру оқиғасы 2023 жылдың 5 қазанында болған. Екі сотталушы төбелесіп, салдарынан ауыр жарақат алған сотталушы оқиға орнында көз жұмды. 

Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша мекеменің бірқатар қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

«5 қазанда Абай облысының №19 аралас қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде екі сотталушының арасында жанжал туындап, салдарынан сотталғандардың бірі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген хабарламада. 

ҚАЖД аталған колонияда құқық қорғау органдарының, оның ішінде прокуратура, ҰҚК, Ұлттық ұланның бұрынғы қызметкерлері отырғанын растады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.