17.10.2023, 00:12
Оқиғалар
Ақмола облысында егін орағы кезінде комбайншы қайтыс болды
Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Фото ашық дереккөзден
Ақмола облысында егін орағы кезінде комбайншы қайтыс болды. Бұл туралы олыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департаменттің мәліметінше, қайғылы жағдай Жарқайың ауданы аумағындағы дала қосында болған.
Белгілі болғандай, Қостанай облысының 58 жастағы тұрғынын егін жинау жұмыстары кезінде «Енисей» комбайнының жетегіндегі белдік орап әкеткен. Ер адам сол жерде көз жұмды.
«Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі (адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті