16.10.2023, 21:17
Оқиғалар
Қостанайда балабақша өртеніп, 121 бала эвакуацияланды
Өртті сөндіруге 41 адам мен 8 техника жұмылдырылды
Фото: Қостанай облыстық ТЖД
Бүгін Қостанайдағы №4 бөбекжайдан өрт шығып, 121 бала эвакуацияланды. Бұл туралы Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД мәліметінше, бірінші қабаттағы музыка кабинетінде ағаш және қағаздан жасалған сахналық бұйымдар, терезенің ағаш жақтауы және кеңсе жабдықтары өртенген. Аспалы төбе де еріп кетті. Өрт 10 шаршы метр аумақты шарпыған.
«121 бала мен 14 ересек адам эвакуацияланды. Құтқарушылар келгенге дейін 18 қызметкер мен 30 баладан өз бетімен сыртқа шыққан. Өрт толығымен сөндірілді. Балалардың ешбірі зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж емес», – делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге 41 адам мен 8 техника жұмылдырылды.
Көп оқылған
12.02.2026, 16:15
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің мазасы неге қашып, олар неге хат жаза беретінін түсіндірді
12.02.2026, 17:16
Қазақстанда нақты ғылымдардан сабақ беретін мұғалімдердің жартысынан көбі – сауатсыз
12.02.2026, 06:00
Шымкентте нөсерден кейін жауған қар салдарынан ағаш құлап, 4-сынып оқушысы қаза тапты
12.02.2026, 10:58
Үйлену тойына кедергі жасаған: Ұлытау облысында жас жігіт бойжеткенді еш себепсіз 5 жыл аңдыған
12.02.2026, 16:43
Ораза айында пітір садақа беріп үлгермеген азаматтар не істеу керек