ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 67 адамнан коронавирус анықталды

Алматыда блок-бекеттерді 3 мыңнан астам полиция күзетіп жүр

Алматылық полицейлерге төленетін үстемақы мөлшері белгілі болды

Төтенше жағдай кезінде күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқан Алматы қаласының 3 мыңнан астам полициясы мемлекеттен үстемақы алатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Оларға министрдің бұйрығымен бір айлық мөлшері көлемінде қосымша сыйақы төленеді. Әр полиция қызметкері бұған дейін лауазымына байланысты қанша жалақы алып келсе, берілетін сыйақы көлемі де соншалықты болады.

«Далада жұмыс істеп жүрген 3 мыңнан астам полиция қызметкері  марапатталады. Олар –  блок-бекеттерде тұрғандар, қаланың ішінде қоғамдық тәртіпті орнатуға күш салып жатқан қызметкерлер. Сонымен қатар, коронавирус індеті шыққан ошақтарды және инфекциялық ауруханаларды күзетіп жүрген полицейлер бір айлық жалақы мөлшерінде сыйақы алатын болды», - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы