ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте тағы 271 адам індет жұқтырып, 4 адам көз жұмды

«Енді ескертусіз қамаймыз» – Тұрғымбаев ТЖ тәртібін бұзғандар туралы

Алматы мен Нұр-Сұлтанға заңсыз кіруге талпынған 32 адам қамалған

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев карантин жарияланған қалаларда режимді бұзғандарға енді аяушылық  болмайтыны туралы ескертті.

«Тәртіп бұзғандармен үш күн бойы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Бүгіннен бастап ереже бұзғандарға 25 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Ал қарсылық танытқандар 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Азаматтар мен автокөліктердің қозғалысы қатаң тексеріледі», - деді министр.

Сонымен бірге, қалаларда жаяу және патрульдік полиция саны көбейтіліп, бейнебақылау жүйесі іске қосылған. 

Ал төтенше жағдай жарияланған уақыттан бастап елдегі қылмыс саны 20%-ға азайыпты.  Карантин енгізілгеннен кейін Алматы мен Нұр-Сұлтанға заңсыз кіруге талпынған 33 адам шығып, 32-сі қамалған. Олар полицияға ақша бергісі келген немесе адамдарды өткізіп берем деп уәде еткен.

Еске салсақ, 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантиндік режим күшейтілді. Көпшілік жиналатын жерлер жабылып, көшеде 3 адамнан артық жиналуға тыйым салынды. Екі қалада да көшеде полицей әр көлікті тоқтатып, түсініктеме алады.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

‡àãðóçêà...
Сұхбат
Бүгінге дейін ауылға көшу акциясына 4000 адамнан өтініш түcкен
Оның айтуынша, аралдан баспана алатындар саны жыл сайын артып келеді
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған