19.09.2023, 13:27
Оқиғалар
Оралға апатты жағдайда қонған ұшақ бортында жасөспірімнің қайтыс болуына байланысты іс қозғалды
Қайғылы оқиға кеше, 17 қыркүйекте болған
Фото ашық дереккөзден
Қазаннан Анталияға ұшып бара жатқан ұшақ бортында 17 жастағы қыздың қайтыс болуына байланысты іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 қыркүйек күні Орал станциясындағы желілік полиция бөлімі зорлық-зомбылық белгілері жоқ өлім дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
«Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске салайық, бұған дейін Оралға апатты жағдайда қонған ұшақта 17 жастағы қыздың көз жұмғанын жазған болатынбыз.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Бүгін, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды