Оралда апатты жағдайда қонған ұшақ бортында жасөспірім көз жұмды

Azattyq Rýhy

17 жастағы қыздың кенеттен талмасы ұстап, жүрегі тоқтап қалған

Оралда апатты жағдайда қонған ұшақ бортында жасөспірім көз жұмды
Фото ашық дереккөзден

Turkish Airlines әуе компаниясының Қазан қаласынан Анталияға ұшып шыққан TK 3995 рейсінің бортындағы жасөспірім қыздың жағдайы күрт нашарлаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Туристері бортта болған туристік агенттіктің мәліметінше, 17 жастағы ресейлік жасөспірім қыздың кенеттен талмасы ұстап, жүрегі тоқтап қалған.

Аталған рейспен ұшқан екі дәрігер қыздың жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс алғызғанымен,  өкінішке қарай, оны құтқарып қала алмаған. Осы оқиғаға орай әуе компаниясының ұшағы шұғыл бағытын өзгертіп, Оралға қонған.

Туристердің айтуынша, олар қажетті құжаттар толтырылғанша екі сағат күткен.

Боинг 737 ұшағы Оралдан сағат 16:30-да ұшып шығып, одан кейін 20:05-те жанармай құю үшін Трабзонға қонған. Жолаушылар ұшақ экипажының ауысуын 2,5 сағат күткен. Кесте бойынша ұшақ демалыс орнына 17:20-да қонуы тиіс болған, бірақ туристер 00:20-да жеткен.

Турагенттің айтуынша, кеш келгеніне қарамастан, клиенттерді әуежайдан қабылдаушы компанияның өкілдері қарсы алған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.