Маңғыстау облысында безгек жұқтырған ер адам қайтыс болды
58 жастағы ер адам ауруды шетелде жұқтырған
Биылғы тамызда Маңғыстау облысында безгек инфекциясының бір жағдайы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, 58 жастағы ер адам ауруды шетелде жұмыс сапары кезінде жұқтырған. Кейін ауруы асқынып, көз жұмған.
«Қазақстан Республикасының азаматтары безгек кең тараған елдерге барар алдында міндетті түрде дәрігермен кеңесіп, арнайы кеңес алуы қажет», – деді облыстық жұқпалы және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Гүлфара Кәрімова.
Айта кетсек, безгек – Anopheles тобындағы масалар тарататын қауіпті жұқпалы ауру. Ол Африка, Оңтүстік Америка, Азия және Таяу Шығыс сияқты тропиктік және субтропиктік климаты бар елдерде кездеседі.