Атырау облысында жол апатынан 2 адам мерт болып, үшеуі ауруханаға жеткізілді
Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдары басталды

Атырау облысында жол апатынан 2 жолаушы мерт болып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департаменттің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше, 21 тамыз күні сағат 19:30 шамасында болған.
«Жол апаты Ақтөбе – Атырау –Астрахань (Ресей Федерациясы) бағытындағы республикалық тасжолда тіркелді. Аталған жолдың 635-шақырымы тұсында Toyota Prada және Lada Granta автокөліктері соқтығысты. Салдарынан Lada Granta автокөлігіндегі 2 жолаушы оқиға орнында мерт болды. Ал Lada Granta жүргізушісі мен Toyota Prada көлігінің 2 жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Қазір полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдарын жүргізуді бастады.