ТЖД: Түркістан облысында суға кеткен 11 адамның алтауы – бала

Үш адамды іздеу жұмысы жалғасып жатыр

ТЖД: Түркістан облысында суға кеткен 11 адамның алтауы – бала
Фото: facebook.com/Beisen Tazhibaev

Түркістан облысы Отырар ауданында Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адамның алтауы кәмелетке толмағандар болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы облыстық ТЖД өкілдері мәлі етті.

«Қосымша анықталған мәліметтерге сәйкес, суға кеткен сегіз адамның алтауы кәмелетке толмағандар (18 жасқа толмаған). Үш адамды іздеу жалғасуда, олардың екеуі кәмелетке толмаған», - делінген ТЖД хабарламасында.

Ведомство сондай-ақ бүгін түнде суға батқан сегізінші адамның денесі табылғанын мәлімдеді.
Қазіргі кезде үш адам іздеу жұмысы жүргізіліп жатыр.  

«Іздеу жұмыстарына ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Денесі табылғандардың үшеуі кәмелетке толмаған. Құтқарушылар судағы қауіпсіздік шараларын назардан тыс қалдырмауға шақырады. Бұл үшін арнайы рұқсат етілген жерлерде ғана шомылу керек!» - деп ескертеді ТЖД өкілдері.

Еске салайық, қайғылы оқиға 21 тамызда кешкі уақытта болған. Сырдария өзеніндегі автокөлік көпірінің маңында бір-біріне жақын туыс болып келетін 4 отбасының 20 шақты адамы демалып жүрген. Алайда демалыс соңы аса қайғылы жағдайға ұласып, 11 адам шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға батып кеткен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.