Қарағанды облысында шахтада өрт шықты
230-ға жуық адам эвакуациялануда

Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасының өртенуіне байланысты апатты жою жоспары енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жетті. «КӘАҚҚ» РО қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
«17 тамызда сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД «Қазақстан» шахтасында Д6 (горизонт – 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасының өртенуі орын алды, апатты жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету жүргізіледі (ауа беру кері позицияға ауыстырылды). Оқиға орнына «КӘАҚҚ» РО 3 бөлімшесі (15 қызметкер және 5 техника бірлігі) және ТЖД (8 қызметкер және 2 техника бірлігі) келді. Шахтада барлығы 227 адам болды, шахтаның қаптал арқылы адамдарды жер бетіне шығаруда. Қазіргі сәтте 131 адам жер бетіне шығарылды. Бұл жерге қосымша «КӘАҚҚ» РШМ (15 қызметкер және 3 техника бірлігі) және ТЖД (8 қызметкер және 2 техника бірлігі) күштері келеді», – делінген жедел хабарламада.
Сонымен қатар, КӘАҚҚ және ТЖД күштері қосымша жолданды. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.