17.08.2023, 12:28
Оқиғалар
Жетісу облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
Жол апатынан тағы 7 адам зардап шекті
Фото: Polisia.kz
Жетісу облысында Toyota Camry және BMW жеңіл автокөліктері соқтығысып қалды. Салдарынан бір адам қаза тауып, жеті адам зардап шекті, деп Azattyq Ruhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Алакөл ауданындағы Алматы – Өскемен тасжолының 562-шақырымында Toyota Camry және BMW автокөліктері соқтығысты. Анықталғандай, Toyota Camry жеңіл көлігін басқарған 46 жастағы жүргізуші тізгінге ие бола алмай, қарсы беттегі BMW көлігімен соқтығысқан.
Оқиға орнында бір адам қайтыс болып, жеті адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, оның ішінде алты жасар бала бар. ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды