$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.07.2023, 14:11
Оқиғалар

Атырауда Жайыққа батып бара жатқан мас ер адам құтқарылды

Ол өзеннің арнайы жабдықталмаған тұсынан суға түскен

Атырауда Жайыққа батып бара жатқан мас ер адам құтқарылды
Фото ашық дереккөзден

Атырауда Жайыққа батып бара жатқан мас ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, оқиға 21 шілдеде болған.

«Жедел құтқару жасағының құтқарушылары жергілікті уақытпен кешкі сағат21:05-те Жайық өзеніне батып бара жатқан ер адамды байқаған. Құтқарушылар жедел әрекет етіп, ер адамды судан шығарды. Кейін 1979 жылғы ер адамның мас күйде Жайық өзеніне түскені анықталды. Ол өзеннің арнайы жабдықталмаған тұсынан суға түсіп, жағалаудан алыстап кеткен. Бірақ, жағаға қайта оралуға күші жетпеген», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Төтеншеліктер облыс тұрғындары мен қонақтарына осындай оқиғаның алдын алу үшін бірнеше кеңесті ұсынып отыр.

«Су айдындарында шомылу кезіндегі арнайы ережелерді сақтау қажет. Біріншіден, су айдындарының арнайы жабдықталған орнында шомылған жөн. Екіншіден, тыйым салынған жерлерге су түсуге болмайды. Үшіншіден, суда жүрген моторлы кемелерге жақындамай, қашықта шомылу керек. Төртіншіден, алкогольдік ішімдік ішкен адамға су айдындарында шомылуға тыйым салынады. Ал, ата-аналар балаларының су айдындарына өдері баруына жол бермеуге тиіс. Өздерімен бірге барған балаларын қараусыз қалдырмағаны жөн», -деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Серіктес жаңалықтары