Ақмола облысында 5 жасар баланы көлік қағып кетті

Azattyq Rýhy

Жол-көлік оқиғасы орталық базар аумағында болған

Ақмола облысында 5 жасар баланы көлік қағып кетті
Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысында 5 жасар баланы көлік қағып кету оқиғасына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, шілденің 20-сында сағат 18:52-де Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне медицина қызметкері хабарласып, ауруханаға «жабық бас сүйегінің сынығы, ми шайқалу, төменгі жақтың сынуы, төменгі еріннің жарасы» диагнозымен 5 жасар баланың жеткізілгенін айтқан.

«Анықталғандай, жол-көлік оқиғасы орталық базар аумағында болған. Солтүстік Қазақстан облысының 49 жастағы тұрғыны Toyota Avensis көлігімен базар аумағынан шығып бара жатып, абайсызда 5 жасар баланы қағып кеткен. Соққыдан бала құлаған. Баланың ата-анасы қасында болады. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынып, сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.