Қостанайда мас күйде көлік жүргізіп, адам өліміне себепкер болған жүргізуші сотталды
Үкім заңды күшіне енген жоқ

Қостанай облысында мотоцикл жүргізушісі жолаушының өліміне кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қостанай аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, жүргізуші оқиға болған күні мас болған.
«2023 жылдың 4 сәуірінде Қостанай ауданы Мәскеу ауылының мас тұрғыны К. мотоцикл жүргізіп келе жатқанда қарсы жолаққа шығып кетіп, жеңіл көлікпен соқтығысқан.Оқиға салдарынан мотоциклдің артқы жағында отырған Л. алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - делінен хабарламада.
Сотталушы өз кінәсі мен талаптарын мойындап, жәбірленуші тараптан кешірім сұрады.
«Қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот К.-ны 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады», - делінген хабарламада.
Ол сондай-ақ 10 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.