Теміртауда дауыл соғып, бірнеше бала жасанды газон төсемесінің астында қалды

Azattyq Rýhy

Абырой болғанда, ойын балалары қатты зардап шекпеген

Теміртауда дауыл соғып, бірнеше бала жасанды газон төсемесінің астында қалды
Бейнеден кадр

Қарағанды облысының бірқатар аймағында жойқын дауыл соғып, салдарынан Теміртау қаласында бірнеше бала жасанды газон төсемесінің астында қалып қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Абырой болғанда, ойын балалары қатты зардап шекпеген. Құмды дауыл салдарынан мешіттің шатыры жұлынған, сондай-ақ әкімдікке қарама-қарсы тұрған сақалды құрылыстың қабырғасы құлапты. Тағы бірнеше нысан зақымданды.

Еске салсақ, шамамен 1 ай бұрын дәл осындай жағдайдан газон төсемі 2 баланы ұшырып әкетіп, олар қатты жарақат алған еді. Бұдан өзге Алматы-Астана бағытында қатынайтын жолаушылар автобусы Қарағанды облысының Осакаров ауданының маңында қатты желге шыдас бермей құлап, салдарынан бір жолаушы жарақат алды. Салонда 20 жолаушы болған. Қазір полиция тиісті сараптамалар тағайындаған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.