ШұғылҚазақстанда тағы 1708 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус үшін суицид жасап жатқандай кейіп танытқан алматылық қамауға алынды

Ол күллі Қазақстан халқынан кешірім сұрады

Бүгін Алматы полициясы коронавирус жұқтырып алғаны үшін өз-өзіне қол жұмсап жатқандай кейіп танытып, видео жариялаған азаматты құрықтады.

Қала тұрғыны видеода қауіпті инфекция жұқтырып алғаны үшін маңдайына тапанша тақап, өз-өзіне қол жұмсамақ болады. Содан соң аталмыш видеоны әлеуметтік желіге салған. Интернетке мониторинг жасаған қалалық полиция департаменті күдіктіні қолға түсіріп, қамауға алған. Д. есімді азамат бұл қылығы үшін халықтан кешірім сұрады. Айтуынша, ол видеоны 18 наурызда түсірген.

«Мен бұл видеоны әзіл үшін түсіріп, жақын достарыма ғана жібергенмін. Әлеуметтік желіге қалай тарап кеткенін білмеймін. Бәрі әзіл үшін істелген еді, коронавирус немесе суицид туралы ой болған жоқ. Бәріңізден кешірім сұраймын. Ақымақтық жасадым, кінәмді мойындаймын», - деді Д. есімді азамат.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Сұхбат
Себебі су тасымалдайтын ирригациялық жүйенің әбден тозығы жеткен 
Юрий Ким адамдарды жаппай егу нәтижесінде індет 2023 жылы тоқтауы мүмкін дегенді айтты
Бүгінге дейін облыста COVID-19  вирусын жұқтырған 613 адам тіркелді
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтады