$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.07.2023, 10:56
Оқиғалар

Ақтауда әйел балалар алаңында ойнап жүрген жеткіншекті ұрып-соққан

Таяқ жеген баланың ата-анасы облыстық балалар ауруханасына жүгінген

Ақтауда әйел балалар алаңында ойнап жүрген жеткіншекті ұрып-соққан
Видеодан кадр

Ақтауда егде жастағы әйел адам балалар алаңында ойнап жүрген баланы ұрып-соққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Lada.kz жазуынша, оқиға 17-шағынаудандағы футбол алаңында болған.

Видео авторы айтқандай, футбол ойнап жүрген балалардың бірі тепкен доп абайсызда басқа бала тиген.  

«Әжесі алаңға жүгіріп келіп, немересін ренжіткен баланы ұрып-соға бастады. Зардап шеккен баланың анасы бұл уақытта қалада болмаған, ал әкесі жұмыста болған», – дейді оқиға куәгері.

Облыстық полиция департаменті аталған мекенжайда тексеру жүргізілгенін, болған жайтты мән-жайы анықталғанын хабарлады.

Оқиға 14 шілдеде болған. Ал 15 шілдеде кешке әйелден таяқ жеген баланың ата-анасы облыстық балалар ауруханасына жүгінген.

«64 жастағы әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша хаттама жасалып, шешім шығару үшін әкімшілік сотқа жолданады», - деді ведомство өкілдері.

Баланы ұрған әйелге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары