$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.07.2023, 14:13
Оқиғалар

Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты

Оқиға орнына облыстық ПД басшылығы барған

Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты

Облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тас жолы бойында үш автокөлік соқтығысып, салдарынан тоғыз адам ажал құшты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне 17 шілде күні сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында жол апаты болғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

«Облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тас жолы бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктерінің соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан көлік құралдары өртенген. Нәтижесінде 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты», - делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

Оқиға орнына бірден Түркістан облысы ПД басшылығы барды.

«Қазір ЖКО бойынша Бәйдібек АПБ полицейлері жұмыс жасауда. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелді», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары