$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.07.2023, 10:27
Оқиғалар

Жамбыл облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті

Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссиясы құрылды

Жамбыл облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті

17 шілдеде сағат 01.29-да Шу ауданындағы Аспара станциясында «Тараз-Шу» бағытындағы жүк пойызының вагондары жолдан шығып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиғаға байланысты жолаушылар пойыздары тоқтатылды.

Жамбыл облысы ТЖ департаментінде азаматтарды психологиялық қолдау үшін «жедел желі» ашылды.

«Түннен бері осындамыз. Түске дейін екі жолдың біреуі іске қосылып, жолаушы пойыздардың жүруі қайта қалпына келтіріледі. Екінші жолда жұмыстар жалғасады. Қосымша мәлімет беріледі. Техника да, мамандар да жеткілікті. Жолда қалған жолаушыларға су таратылып, қажетті көмек көрсетілуде», - деді Шу ауданы әкімі Бақытжан Жәнібеков.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

«Жолдан шығу оқиғасы жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне әсер етті. Барлық пойыздар ауыз сумен қамтамасыз етілген, вагон-мейрамханалар жұмыс істеп тұрі. Оқиғаның себептерін анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ арнайы комиссиясы құрылды», - делінген хабарламада.

Жедел желінің байланыс нөмірлері: 8 (7262) 51-35-75  8 (7262) 51-41-67

Серіктес жаңалықтары