Батыс Қазақстанда контейнер мен екі автобус түгі қалмай жанып кетті

Azattyq Rýhy

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталып жатыр

Батыс Қазақстанда контейнер мен екі автобус түгі қалмай жанып кетті
Фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында контейнер мен екі автобус жанып кетті. Бұл туралы БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, оқиға 9 шілде күні Бәйтерек ауданы Мичурин ауылында болған.

«Сағат 03.08-де Завод көшесі 14/3-мекенжайында «Восход» ЖШС аумағында автобөлшектерімен темір контейнер (20 шаршы метр) отқа оранды. Сондай-ақ «ПАЗ» маркалы екі автобустан түк қалмады. Оған қоса жалын Митсубиси Кантер автокөлігі базасындағы иінді көтергіш пен «Лада Веста» жеңіл көлігін ішінара шарпыды. Тілсіз жау сағат 03.45-те оқшауланып, 04.08-де ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.