Түркістан облысында жалдамалы жұмысшының құстарға атқан оғы жасөспірімнің басына тиген
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Түркістан облысында құстарды ату кезінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy полицияға сілтеме жасап.
Анықталғандай, 8 шілде күні кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі «Абайсызда қазаға ұшырату» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келді.
Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды.
Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр.