$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.06.2023, 17:00
Оқиғалар

Қызылорда облысында ер адамдардан ақша бопсалап келген бір топ әйел ұсталды

Қыздар ер азаматтармен жалған аккаунт арқылы танысып отырған

Қызылорда облысында ер адамдардан ақша бопсалап келген бір топ әйел ұсталды
Видеодан кадр

Қызылорда облысында ер адамдардан ақша бопсалап келген бір топ әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қыздар ер азаматтармен жалған аккаунт арқылы танысып отырған.

«Полицияға ер адам арызданып, сәуірден бері белгісіз әйелдер жеке сипаттағы суреттері мен хаттары үшін 500 мың теңге талап етіп жүргенін айтқан. ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде облыстың үш тұрғынын ұстады», - делінген хабарламада.

Facebook-те жалған аккаунт ашқан әйелдер әлеуметтік желілерде абыройға кір келтіретін мәліметтерді таратпау үшін ақы сұраған.

«Бопсалаушылардан барлығы 8  тұлға жапа шеккен. Заттай дәлелдеме ретінде бірнеше телефон, қолма-қол ақша және банк карталары тәркіленді», - делінген хабарламада.

ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Екі күдікті әйел УҰИ-ға қамалды, үшіншісіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сондай-ақ күдіктілердің осыған ұқсас  деректерге қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары