Қырғызстанда коронавирус жұқтырған алғашқы 3 адам анықталды
Қауіпті вирус жұқтырғандар жақында Сауд Арабиясынан оралған екен

Қырғызстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы үш оқиғасы тіркелді. Бұл туралы республиканың Денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.
«Үш адамның ауру жұқтырғаны анықталды. Олардың бәрі Жалалабат облысының Созақ ауданының тұрғындары», – деп атап өтті ол баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, қауіпті вирус жұқтырғандар жақында ғана елге Сауд Арабиясынан оралған екен.
Айта кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурыз күні COVID-19 жаңа коронавирусының таралуын індет деп жариялады. Бүгінде әлемде 150-ден астам елдің 198 мыңнан астам тұрғыны ауру жұқтырып үлгерді, олардың көпшілігі ауруынан сауығып кетсе, 7984 адам көз жұмды.