$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.03.2020, 11:09
Оқиғалар

Қарағандыда ресейлік рок-группаның концертіне келушілерді полицейлер таратып жіберді

Қазақстан аумағында халықтың көптеп шоғырлануына тыйым салатын төтенше жағдай режимі енгізілгені белгілі

Қарағандыда ресейлік рок-группаның концертіне келушілерді полицейлер таратып жіберді

Тәртіп сақшылары 16 наурыз күні қаладағы клубтардың бірінде Ресейден келген рок-группаның концерті өтіп жатқанын әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде анықтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында халықтың көптеп шоғырлануына тыйым салатын төтенше жағдай режимі енгізілгені белгілі. Ал ол концертке 60-қа жуық адам жиналған.

Полиция қызметкерлері Қарағанды қаласы әкімдігінің өкілдерімен бірге түнгі клубтың 36 жастағы иесін және рок-группаның 36 жастағы жетекшісін анықтаған. 

«Профилактикалық әңгіме жүргізуден кейін концерт өткізілмейтін болды және шараға келушілер түгелдей таратылды», – делінген ведомство хабарламасында.   

Аталмыш дерек Қарағанды Полиция басқармасының орталық полиция бөліміне тіркеуге алынды. 

Түнгі клуб қожайынына қатысты ҚРӘҚБтК 476 бабы, «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен, 26 510 теңге көлемінде айыппұл төлеу туралы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары