ШұғылЛицензиясынан айырылған Tengri Bank салымшыларының кепілдік өтемі қайтарыла бастады

Әлем бойынша бір тәулікте 7984 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте аурудан 823 адам көз жұмды

© REUTERS / Kim Kyung-Hoon

Бүгінгі таңда әлем бойынша COVID-19 жаңа коронавирусын жұқтырғандар саны 198 422 адамға жетті. Бұл мәліметті worldometers.info сайты жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.  

Өткен тәулікте аурудан 823 адам көз жұмды. Олардың 345-і — Италия тұрғыны. Иранда коронавирус құрбандарының саны  — 135, Испанияда — 191, Францияда — 27, АҚШ-та 26 адамға артты.

Індет басталған уақыттан бері әлемде 7987 адам коронавирус құрбанына айналды. Ал 82 762 адам емделіп шыққан. 

Бір тәулікте 15 922 адам коронавирус жұқтырған. Италияда — 3526, Германияда — 2095, Испанияда — 1884, Иранда — 1178, Францияда — 1097, АҚШ-та — 1836 адам ауру жұқтырып үлгерген.   

Бүгінде Қытайда қауіпті вирустан 80 894 адам емделіп шықты. Бұл елде бір тәулікте 13 адам ауру жұқтырып, 11 адам көз жұмды. 

Қазақстандағы жағдайды атап өтсек, 17 наурызда кешке 33 адамның, ал бүгін таңертең тағы екі адамның COVID-19 коронавирусын жұқтырғаны белгілі болды. 

Еске салайық, бұған дейін Үкімет 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында төтенше жағдай режимін қабылдау туралы шешім қабылдап, карантин жариялаған болатын.