БҚО-да екі жасар бала құдыққа құлап, көз жұмды
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
14 маусым күні Жәнібек ауылында сағат 22:00 шамасында, 2021 жылғы кәмелетке толмаған бала Ғ.Қараш көшесі бойындағы ғимараттың аумағында орналасқан тереңдігі 2 метр, ашық, су толтырылған құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy БҚО Полиция департаментінің баспасөз қзыметіне сілтеме жасап.
Бала Жәнібек ауданының ауруханаға жеткізіліп, кейін есін жимастан көз жұмды.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.
Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.