Оралда 60 баланы лагерьден кинотеатрға апара жатқан автобус өртенді

Azattyq Rýhy

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ

Оралда 60 баланы лагерьден кинотеатрға апара жатқан автобус өртенді
Бейнеден кадр

Оралда ішінде 60 бала бар автобус өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

13 маусым сағат 12:40 шамасында Орал қаласындағы Егізбаев – Бельгер көшелерінің қиылысында №26 ЖОББМ «Балауса» балалар лагерінен Cinema Park кинотеатрына 60 баланы тасымалдаған ПАЗ жеке автобусы өртенді.

Зардап шеккендер жоқ.

Автобустың 1986 жылғы Т. есімді жүргізушісі көлік құралын техникалық тексеруден өтпей, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырған, міндетті сақтандыру полисі болмаған.

«Жүргізуші ҚР ӘҚБтК 593-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК 590-бабы 9-бабы, 230-бабы 2-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР Еңбек кодексінің 64-бабы 1-тармағының 3-тармақшасын бұзғаны үшін «Балауса» мектеп жанындағы балалар лагерінің қатысушыларын кинотеатрға баруын жүзеге асыру кезінде жауапкершілік танытпай, 13 маусым күнгі №52 бұйрығымен №26 мектеп директоры «Балауса» лагерінің жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды», - делінген хабарламада.

Балаларды тасымалдау кезінде полиция қызметкерлерінің жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алып жүру мақсатында мектеп тарапынан БҚО ПБ-ге ешқандай сұраныс түспеген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.