$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.06.2023, 21:54
Оқиғалар

Түркістан облысында оқушылар арасындағы футболдың соңы жаппай төбелеске ұласты

Қазіргі таңда полицейлер тексеру жүргізуде

Түркістан облысында оқушылар арасындағы футболдың соңы жаппай төбелеске ұласты
Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысында оқушылар арасындағы футболдың соңы жаппай төбелеске ұласты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жастар арасындағы жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда оқушылардың алаң ортасында бір-бірін аяусыз ұрып жатқанын көруге болады.

Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, аталған жағдай Қазығұрт ауданында болған. Ескі ипподромда өткен футболдың соңы төбелеске ұласқан.

«Тексеру кезінде бұл факт бойынша ауруханаға ешкім жүгінбеген және полицияға арыз түспегені анықталды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары бейнежазбадағы бірнеше жас жігітті анықтап, профилактикалық әңгіме жүргізді. Қазіргі таңда полицейлер тексеру жүргізуде және барлық мән-жайларды анықтауда. Бұл факт Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында» - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары