Жаркентте 48 жастағы тұрғынды көлік қағып, мерт қылды
Шетел көлігін 21 жастағы жігіт басқарған

Жетісу облысының Панфилов ауданындағы Жаркент қаласында 48 жастағы тұрғынды көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 13 маусым күні таңертең Головацкий-Бусаков көшелерінің қиылысында болды.
«48 жастағы жергілікті тұрғын «Audi-100» автокөлігіне түсіп, қайтыс болды. Жаяу жүргіншінің өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды. Шетел көлігін 21 жастағы жігіт басқарған. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды»,- делінген хабарламада.
Жыл басынан бері облыстың автожолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 59 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 11 адам қаза тауып, 49 адам жарақат алды.
Полиция азаматтарды жолдан өту кезінде өте сақ және мұқият болуға шақырады.