Шұғыл«Тауық пен сиырдың айырмашылығын білмейді» – Нұрлан Нығматулин Экология министріне ауылға баруға кеңес берді

Күн жылынғанда коронавирус өлмейді – ғалым

Ресейлік ғалым күн жылынғанда коронавирустың жойылатыны қиялдан туған болжам деп есептейді

Ресейлік ғалым, медицина ғылымдарының докторы Борис Ревич күн жылынғанда коронавирустың жойылатынын қиялдан туған болжам екенін айтты. Ғалымның сөзін РИА Новости жариялады.

Оның айтуынша, COVID-19 вирусы пайда болған Ухань қаласында қыстың өзінде жанға жайлы күн райы сақталған.

«Қазір күн ысыған кезде коронавирус белсенділігін бәсеңдетеді деген болжам айтылып жатыр. Бұл қиялдан туған болжам. Вирус бізге Ухань қаласынан келді, ол жақта қаңтардың өзінде +10 градус жылы. Сондықтан, жылы ауа райы коронавирусты жояды деу қателік», - деді Ревич.

Яғни, оның айтуынша, вирустан құтыламыз деп жазды күтудің қажеті жоқ. Тек мемлекет бекіткен шаралар бойынша жүріп-тұру қажет.

Еске салайық, Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай енгізілген. Бұл уақыт аралығында ойын-сауық және көңіл көтеру орталықтарының бәрі жұмысын уақытша тоқтатады.