$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.05.2023, 08:19
Оқиғалар

Атырау облысында бір апта бұрын жоғалған малшыны тікұшақпен іздеп жатыр

1986 жылғы жігіт 23 мамырда жоғалып кеткен

Атырау облысында бір апта бұрын жоғалған малшыны тікұшақпен іздеп жатыр
Фото: Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Атырау облысына қарасты Құрманғазы және Жылыой аудандарында ТЖД күштері жоғалып кеткен малшыны іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.   

Облыстық ТЖД мәліметінше, Құлсары қаласынан 70 шақырым жерде мал бақташысын іздестіру-құтқару жұмыстары жетінші күннен бері жалғасып жатыр.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарына «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Бортында 5 экипаж мүшесі, ТЖД 4 қызметкері және туысқаны бар», - делінген ТЖД хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 24 мамырда сағат 15:12-те Жылыой ауданында мал бақташысы шаруа қожалықтарының бірінен шығып, кері оралмағаны туралы шақырту түскен болатын.

Жоғалған 1986 жылғы мал бақташысы 23 мамырда 17:00 сағатта Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалықтарының бірінен шығып кеткен. Сол күні шақырту түскен бойда дереу іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылып, ТЖД, полиция қызметкерлері және туысқандары жұмылдырылды.

«Сонымен қатар ТЖД күштерімен үшінші күн бойы Құрманғазы ауданынан 120 шақырым қашықтықта орналасқан Ж.Нажимеденов ауылына қарасты Қошалақ елдімекеніндегі «Теміржанов» шаруа қожалығынан 26 мамырда сағат 14:00 шамасында мал іздеуге шығып, қайта оралмаған бақташы – 1963 жылғы азамат Г. Б.-ны іздестіру жұмыстары жалғасуда», - делінген хабарламада.

Іздестіру – құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 4 қызметкері және 1 бірлік техникасы жұмылдырылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары