31.05.2023, 07:52
Оқиғалар
Кентауда 3 жасар қыз 4-қабаттан құлап кетті
Оқиға болған сәтте ата-аналары үйде болған
Фото ашық дереккөзден
Кентауда 3 жасар қыз 4-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 30 мамыр күні кешкісін болған. Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 18:10 шамасында Кентау қаласы, Д. Қонаев даңғылы бойындағы 5 қабатты үйдің 4-ші қабатындағы терезеден кішкентай бала құлағаны туралы хабарлама түскен.
«Үлкендердің қарауынсыз қалған бүлдіршін байқаусызда құлап кеткен. Ол 2020 жылы туған. Қазір ауруханаға жатқызылды. Оқиға болған сәтте ата-аналары үйде болған. Барлық ата-анаға балаларды назардан тыс қалдырмауды ескертеміз!», - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
