22.05.2023, 17:29
Оқиғалар
Павлодарда жылу трассасының қаптамасы өртенді
Әзірге қанша аумақтың жанып кеткені белгісіз
Фото: pavlodarnews.kz
Павлодарда жылу трассасының қаптамасы өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 мамыр күні сағат 15:35-те Н.Назарбаев даңғылындағы көпірдің артында жылу трассасы жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
«Өрт құрғақ шөпті және жылу құбырының жылу оқшаулағыш қаптамасын қамтыды. Қанша аумақ жанғаны анықталып жатыр», - деді департаментте.
Қазіргі уақытта оқиға орнынла өрт сөндіру қызметінен екі қызметкер және өрт сөндіру қызметінің бір арнайы машинасы жұмыс істеп жатыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді