22.05.2023, 16:58
Оқиғалар
Астанада зорлық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген германиялық азамат ұсталды
Ол 2019 жылдан бері іздеуде жүрген
Фото: polisia.kz
Астанада зорлық-зомбылық әрекетін жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген германиялық азамат ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Көліктегі полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Астана қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 1960 жылы туған Германия азаматын ұстады», - делінген хабарламада.
Қылмыскер Германияның Қылмыстық кодексінің 177-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.
Ол Астана ПД-ның УҰИ-ға қамалды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді