14.04.2023, 09:17
Оқиғалар
Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Қайғылы оқиға Ескелді ауданында болған
Фото: polisia.kz
Жетісу облысында жол-көлік апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Ескелді ауданында болған.
«Алдабергенов ауылының жанындағы автожолда Toyota Prado мен Toyota Camry соқтығысқан. Оқиға орнында жеңіл автокөлікті басқарған 47 жастағы ер адам қаза тапты», - делінген хабарламада.
Жол талғамайтын көлік жүргізушісі жолаушысымен бірге аудандық ауруханаға ауыр дене жарақаттарымен жеткізілді.
«Өлімге әкеп соқтарған апатының мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Ақтөбе облысында жол-көлік апаты салдарынан екі жүргізушінің қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 16:49
Ажырасқаннан кейін де бірге өмір сүрген: Таразда ер адам экс-жұбайын есінен танғанша ұрған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды