$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда таудан опырыла құлаған тас жолды басып қалды

Медеу-Шымбұлақ арасын жалғайтын жол жабылды

Алматыда таудан опырыла құлаған тас жолды басып қалды
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматыда тау опырылып, жолды басып қалды. Төтенше жағдайлар департаменті қалыптасқан ахуалға байланысты туристерге ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Медеу-Шымбұлақ арасын жалғайтын автожол жабық. Биіктіктен қопарыла құлаған тастар екі күн бойы тоқтамаған. Қазіргі уақытта Алматы-Космостанция және Алматы-Тұйықсу автомобиль жолдары жабылып, блок-бекеттер қойылды.

«11-13 сәуір аралығында Медеу-Шымбұлақ автожолында, Медеу бөгетінен 300 метр биіктен көлемі шамамен тас опырылып түсті. Тау жынысының бір бөлігі автомобиль жолын басып қалды. Қауіп әлі де бар. Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар департаменті және Қазселденқорғау мекемесі  Алматы қаласының тұрғындарын тауға шықпауды сұрайды», -деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөзқызметі.

Мүдделі ұйымдар таулы жерлерге халықтың баруын шектеу бойынша барлық шараны қабылдауы қажет.

Серіктес жаңалықтары