Павлодар облысында дәрігерді балағаттаған жігіт айыппұл арқалады
Ол 20 АЕК айыппұл төлейді
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлметінше, дәрігер Ақсу қаласының емханасында балағат сөздер айтқан 23 жастағы азаматқа қатысты шаралар қабылдау туралы өтінішпен жүгінген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жас жігітке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылды. Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Осы баптың санкциясында 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе бес тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу көзделеді», – деді департаментте.
Сондай-ақ, Ертіс ауданының ауыл тұрғыны әріптесіне қатысты шағым түсірген. Ол жұмыста болған кезде әріптесі өрескел, балағат сөздер айтқан.
Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.