06.03.2020, 18:21
Оқиғалар
АҚШ елшілігі маңында лаңкес өзін жарып жіберді
Ол елшілікке мотоциклмен келген
Фото Reuters
Тунистегі АҚШ елшілігі жанында лаңкес өзін-өзі жарып жіберді. Оқиға салдарынан 5 полиция қызметкері жарақат алды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Елшілік қызметкерлері Twitter-дегі парақшаларында жарылысты растап, адамдарды аталған маңға жақындамауды ескертті. Әлемдік БАҚ-та қастандық жасаған екінші адамның болуы мүмкін екендігі жазылуда. Лаңкес елшілік маңына мотоциклмен келіп, кейін өзін-өзі жарып жіберген.
Айта кетейік, былтыр Тунис Үкіметі ел астанасында қатарынан үш жарылыс жасалғанын хабарлаған. Оның біреуі Франция елшілігі маңында болып, бір полицей қаза тапқан. Екіншісінде бір күдікті полицейлер ұстап жатқан кезде өзін жарып жіберген еді.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды