06.03.2020, 16:20
Оқиғалар
«Владислав Челах тірі, денсаулығына шағым жоқ» – ҚАЖК
Бұған дейін оның суицид жасағаны туралы ақпарат тараған еді
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Жітіқарадағы «Қара бүркіт» атты қатаң режимдегі колонияда отырған Владислав Челахтың өліміне қатысты ақпаратты жоққа шығарды.
«Ақпарат жалған. Ол тірі, сау. Бұрынғыдай қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеп жатыр. Денсаулығына ешқандай шағым, наразылық жоқ», - делінген комитеттің хабарламасында.
Бұған дейін БАҚ-та В.Челахтың өзіне-өзі қол жұмсағаны, ал түрмеде оның орнында ұқсас адамның отырғаны туралы жазылған еді.
Еске салсақ, 2012 жылы «Арқанкерген» шекара бекетінде 14 шекарашыны өлтірді деген айыппен Владислав Челахты сот өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды