06.03.2020, 12:46
Оқиғалар
«Салқын болады»: 8 наурызға синоптиктердің болжамы
7-10 наурызға арналған ауа райы болжамы
Алдағы тәуліктерде арктикалық фронттың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығыс өңірде жауын-шашын болады. Әсіресе қар жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК орталығына сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, республиканың солтүстік және батыс облыстарына жылжыған суық пен антициклон қалған аумақтарға да тез тарайды.
«8 наурыз мерекесі күні Қазақстанда салқын, бірақ ала бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бірақ дүйсенбі күні республиканың батыс облыстарына Қара теңізден жылы ауа массалары келеді, олар Қазақстанның қалған аумағындағы суықты жылдам ығыстырып шығарады», - делінген «Қазгидромет» болжамында.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды