ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Оңтүстік Кореядан келген адамдар карантинде жатыр

Режимді бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 4 наурыздағы қаулысына сәйкес коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдерден (COVID-19) 1а санаты бойынша (ҚХР, Оңтүстік Корея, Иран) келген адамдар 14 күнге міндетті түрде  карантинге жатады деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«05.03.2020 жылы сағат 15.50-де Сеул-Алматы рейсімен барлығы 197 адам келді. Оның ішінде, транзитшілер – 97. Қырғызстан-23, Өзбекстан-37, РФ – 16, Украина – 18, Оңтүстік Корея – 2, Тәжікстан – 1 адам»,- делінген хабарламада.

Қырғызстан тарапы 21 азаматын өз еліне  автобуспен алып кеткен. Алматыда медициналық мекемелерде  барлығы 100 адам жатқызылды.  Оның ішінде 4 бала. Барлық оқшауланған адамдарға толық көлемде медициналық бақылау жүргізіледі. Ал карантин режимін бұзған адамдарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.