ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 142 адамнан коронавирус анықталды

ШҚО-да 3 жасар бала әпкесін өртеп жіберді

Балалар үйде жалғыз болған

Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында үш жасар бала 2011 жылы туған қызды абайсызда жағып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі yk-news.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, олар үйде жалғыз болған.

«Абай ауданының өрт сөндіру қызметіне кәмелет жасқа толмаған қыз хабарласып, күйіп қалғанын айтқан. Ол Құндызды ауылында екенін жеткізген. Ең жақын өрт сөндіру қызметі ауылдан 70 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт сөндіру қызметкерлері уақыт жоғалтпай, ауылдық әкімдікке хабарласып, айтылған мекенжайға баруды сұраған», - деп хабарлады ШҚО ТЖД өкілдері.

9 жастағы қыз қатты күйіп қалған. Ол Семейдегі ауруханаға жеткізілді.

«2011 және 2017 жылы дүниеге келген балалар үйде жалғыз қалған. 3 жасар бала сіріңке алған және әпкесін абайсызда жағып жіберген. Қыздың кеудешесі жанған. Қыз бірден су алып, өртті сөндірген», - деп түсіндірді ТЖД.