06.03.2020, 02:57
Оқиғалар
Алматы облысында үй өртеніп, үш бала қаза тапты
Олардың ата-анасы Қырғызстанға кеткен
Фото: ашық дереккөзден
Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында жеке үй өртеніп, оқиға орнынан үш баланың денесі табылды, деп хабарлайды kaskelen.kz.
«Өрт сөндіру қызметіне Есік қаласы Амангелді көшесіндегі үйлердің бірі өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына екі техника мен алты адам жіберілді. Олар өрт 90 шаршы метрді шарпығанын айтты», - деп жазылған ақпаратта.
Оқиға орнынан үш баланың денесі табылды. Сонымен қатар 1952 жылы туған әйел өте ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оның денесін 90 пайыз күйік шалған. Ал балалардың ата-анасының тауар әкелу үшін Қырғызстанға кеткені белгілі болды.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат